ҚР Ұлттық кітапханасына – 115 жыл
ҚР Ұлттық кітапханасына – 115 жыл 
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұжымы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасын 115 жылдық айтулы мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!
Ғасырдан аса уақыт ішінде Ұлттық кітапхана еліміздің рухани-мәдени дамуының негізгі өзегіне, ұлт жадының шежіресін сақтаушы, білім мен ғылымның сенімді тірегіне айналды. Бұл қасиетті орда – қазақ халқының тарихы мен тағдырын, тілі мен ділін, әдебиеті мен өнерін, ғылымы мен мәдениетін бір арнаға тоғыстырған бірегей рухани мекен.
Ұлттық кітапхана – тек кітап қоры ғана емес, ол – ұлттың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыратын, оқырман мен уақытты, өткен мен бүгінді, дәстүр мен жаңашылдықты жалғап тұрған алтын көпір. Кітапханалық істі заман талабына сай жаңғырту, цифрлық ресурстарды дамыту, халықаралық мәдени-ғылыми байланыстарды нығайту жолындағы жүйелі жұмыстарыңыз зор құрметке лайық.
Сіздер сақтап отырған сирек қорлар мен құнды қолжазбалар, ұлттық басылымдар мен заманауи ғылыми еңбектер – болашақ ұрпаққа қалдырылған баға жетпес рухани мұра. Бұл – ел тәуелсіздігімен қатар өркендеп келе жатқан мәдени саясаттың айқын көрінісі.
Осы мерейлі белесте Ұлттық кітапхананың барша қызметкерлеріне шығармашылық шабыт, кәсіби табандылық, тың бастамалар мен толағай жетістіктер тілейміз. Ұлт руханиятының шамшырағы саналатын қара шаңырақтың мәртебесі артып, қазақ елінің мәдени кеңістігін байыта берсін!
Ізгі ниетпен,
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, ф.ғ.к. Анар Абусайылқызы ЖАППАРҚҰЛОВА
және кітапхана ұжымы!
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
Ғазиза Құдайберген