Жаңалықтар

«Кітап оқу - жетістікке апарар жол» жобасы аясында кездесу кеш өткізілді

⚜️Кітапханамызда кітап оқу арқылы жетістікке жеткен танымал тұлғаларды үлгі ету мақсатында «Кітап оқу - жетістікке апарар жол» жобасы аясында кездесу кеш өткізілді. Кешке №2 Қалалық аурухана неврология бөлімшесі дәрігер-невролог А.Байтуреева, КМF Банктің сату жөніндегі директоры Е.Қабланбеков, № 80 ІТ мектеп-лицейі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Қорғанбекова, № 54 білім беретін жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Жүсіпов, Шымкент қаласы Қаржы басқармасының бөлім басшысы Ж.Аскаров қатысып, жас оқырмандарға кітап оқу арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болатыны жайлы өнеге аларлық ақыл-кеңестерін беріп, өздері оқыған кітаптары жайлы әңгімелеп, жастарды кітап оқуға шақырды. № 80 ІТ мектеп-лицейінің оқушылары әдеби композиция орындады. Кешті кітапхана директоры Жаппаркулова Анар Абусайылқызы қорытындылай келе, оқырмандарға білім – ешқашан ескірмейтін байлық, кітап оқыған адам – терең ойлайды, дұрыс шешім қабылдайды және арманына сенімді қадам жасайтынын атап кетті.