16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік – халқымыздың сан ғасырлық арманын жүзеге асырған, ел тағдырындағы ең қастерлі құндылық. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың аңсаған арманы,
қанмен, термен келген қасиетті ұғым.
Желтоқсанның ызғары еркіндікке ұласқан
тарихи сәт – бүгінгі азат елдің іргетасы.
Бұл күн – мемлекетіміздің егемендігі мен бірлігін, тұрақтылығы мен болашағын айқындайтын тарихи күн, ең ұлық мерекеміз!
Еліміздің тәуелсіздігі баянды, бірлігіміз берік, келешегіміз кемел болсын!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Құрметпен, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры - Анар Абусайылқызы ЖАППАРҚҰЛОВА