«Адам құқығы-асыл қазына» атты кездесу кеші өтті
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Адам құқығы-асыл қазына» атты кездесу кеші өтті.
Кешке Шымкент ҚПД Қаратау АПБ полиция аға лейтенанты А.Анапия, полиция лейтенанты Ж.Мырзабек, Шымкент қаласы «Құқық қорғау және татуласу» орталығының бас директоры Д.Кенжекулова қатысып, адам құқығы, құқықтық сауаттылық, қазіргі қоғамдағы балалар мен жастар арасындағы құқық бұзушылық, медиация жайлы кенінен ақпараттар берді.
Сондай-ақ, шара барысында №1 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернатының және №24 С.Ерубаев атындағы мектеп-лицейінің оқушылары кеш қонақтарына сұрақтар қойып, белсенді қатысты.
Кешті кітапхана директорының орынбасары А.Арыстанова қорытындылап, кеш қонақтарына алғысын білдірді.