Жаңалықтар

«Ұлдарға ұлағат» атты іс- шара өтті

⚜️«Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен «Оқитын ұрпақ- ұлт болашағы» аясында «Ұлдарға ұлағат» атты іс- шара өтті. Шараға кәсіби бағдар беру педагогі Байсериков Тасдаулет мырза келіп, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтар, патриоттық, тәрбие, ер азаматқа тән қасиеттер туралы мазмұнды ақпарат берді. Өз қолынан жасалған бұйымдарды көрсетіп, балаларды еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, ұлттық мұраны құрметтеуге шақырды.