Ұлы Абай еліндегі мәдениет күндерінің екінші күні қуатты қаламгер, дарынды ақын, журналист, аудармашы, “Қозыкөш” жыр жинақтарының авторы Несіпбек Айтұлын еске алуға арналған рухани шарамен басталды. Қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың есімін иеленген Педагогикалық колледждің қабырғасында өткен тағылымды шараға қазақтың қабырғалы қаламгерлері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылардың қатысуымен өтті. Кітапхана директоры Анар Абусайылқызы рухани шараның құрметті қонағы ретінде қатысып, Абай елінің әдебиет өкілдерімен жүздесті.
Кешкі уақытта Абай облыстық драма театрының ғимаратында Шымкент қаласы өнерпаздары гала-концерт қойды. Театрдың фойесінде Абай облысы әкім Берік Уәлиұлы мен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы бастаған делегация Әл-Фараби кітапханасының әдеби-тарихи кітап көрмелері мен инсталляциясын тамашалады.