Жаңалықтар

«Жаңғырық» және «Аңыз бен ақиқат» журналдарының тұсаукесер рәсімі өтті

Әл-Фараби кітапханасында ортаға олжа салған қос басылым – «Жаңғырық» және «Аңыз бен ақиқат» журналдарының тұсаукесер рәсімі өтті. «Жаңғырық» журналы мемлекет және қоғам қайраткері, ұлтымыздың ұлы тұлғасы – Өзбекәлі Жәнібековтің мұрасын зерделеуге «Аңыз бен ақиқат» журналы тереңге тамырын тартқан төл тарихымыздың түгендеуге, ұлы тұлғаларымызды ұлықтауға, бүгінгі ұрпақтың жадына сіңіруге арналған журналдардың бас редакторы – еңбек ардагері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Қаршыға Қамбарбек.