Кітапханамызда қазақтың халық ақыны, композитор, термеші Майлықожа Сұлтанқожаұлының – 190 жылдығына «Замана дүлділі» тақырыбында әдеби кеш өтті.
Кеш барысында рухани туындылары адамгершілік, әділдік сонымен қатар имандылық тәрізді күрделі мәселелерді жырлауға арналған термеші, айтыскер ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі және шығармашылығы жайлы әңгіме қозғалды.
Ақынның «Дүние», «Жиырма бес», «Дүниеге мейман көңілім» т.б өлеңдері оқылып, «Адамның бір қызығы бала деген», «Әдемі сөзім жайылсын», т.б. термелерінен жыр шашу тартылды.