ШЫРАЙЛЫ ШЫМҚАЛАДАН – ШҰҒЫЛАЛЫ ШЫҒЫСҚА
ШЫРАЙЛЫ ШЫМҚАЛАДАН – ШҰҒЫЛАЛЫ ШЫҒЫСҚА
Шымкент қаласының Мәдениет және өнер күндері аясындағы Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Ғибратты ғалымдармен» сыр-сұхбат кеші өтті.
Кітапхана директоры Анар Абусайылқызы жүргізген сыр-сұхбат кештің мақсаты – екі өңір арасындағы мәдени байланыстарды нығайту, шығармашылық орта өкілдерінің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау және рухани сабақтастықты арттыру.
Кеш қонақтары:
• Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ф.ғ.д., профессор, түрколог-ғалым Құлбек Ергөбек
• ф.ғ.к., абайтанушы, М.Әуезов атындағы ОҚЗУ «Мұхтартану» орталығының басшысы Ақжол Батырұлы Қалшабек
• PhD, Шәкәрім университетінің аға оқытушысы Қарлығаш Әубәкірова
• ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Ә.Бөкейхан университетінің кафедра меңгерушісі Құралай Төлебаевалар қатысып, салтанатты шараның құрметін арттырды.
«Шымкент концерт» ұйымының әншілері Руслан Ақынбеков, Тұрар Әлменов және Абай елінің дәстүрлі әншісі, ҚР Мәдениет және өнер саласының үздігі Айдан Бауыржанұлы Абай әндерін орындап, кештің әрін ашып берді. Сондай-ақ, кітапхана қызметкері, "Абай әлемі" байқауының қатысушысы Айгерім Алдабергенова ұлы ақынның өлеңін оқыды.
Кеш барысында әдеби композиция, кеңейтілген кітап көрмесі, шығармашылық сұхбат та ұйымдастырылды. Кеш шымылдығын халықаралық және республикалық айтыстардың жеңімпазы, Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапзанасының қызметкері, ақын Мейіржан Жақып арнаумен ашты.