«Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі» атты кездесу кеші өтті
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен 26 қараша күні «Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі» атты кездесу кеші өтті.
Кешті кітапханамыздың директоры ф.ғ.к. Жаппаркулова Анар Абусайлқызы ашып берді.
Кешке «Қазақстан әйелдердің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы – «Шымкент қалалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Құрмет орденінің иегері, Шымкент қаласының Құрметті азаматы Баян Айтбековна Жандосова, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі, ҚР Сот әкімшілігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің маманы, "Тіл жанашыры", Құрмет белгісінің иегері Қабыл Тұрарұлы Дүйсенби, «Серпіліс» қоғамдық қорының президенті, балаларға арналған республикалық «Ақылдым» журналының директоры, «Қызмет» газетінің бас редакторы, журналист Бейсенкүл Нарымбетова, «Хан ТВ» телеарнасы компаниясының төрағасы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Журналистика және саясаттану магистрі Қуанышбек Тасполатұлы Ботабек, Шымкент қаласының Полиция департаменті Тұран ауданының Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшісінің инспекторы полиция аға лейтенанты Наргиза Жәдетқызы Қиюбек қатысты.
Іс- шара барысында кеш қонақтары қазақ қоғамындағы әйелдің рөлі, мәртебесі, ұлттық құндылықтар туралы оймен бөлісті. Сонымен қатар қоғамдағы зорлық-зомбылықтың түрлерін, олардың алдын алу жолдарын және қауіпсіз орта қалыптастырудың негізгі тетіктерін талқылады.
Шара соңында оқырмандар қонақтармен естелікке суретке түсті