Асылбек Әуезханұлының «Дала данышпаны Майқы би» кітабын ұсынамыз
Қадірлі оқырмандар
Кітапханамыздың Сирек кітаптар қорынын «Қолтаңбалар мен қолжазбалар» топтамасынан «10 құндылық 8 сипат» концепциясының авторы, филология ғылымдарының кандидаты Асылбек Әуезханұлының «Дала данышпаны Майқы би» (қазақылық бастаулары) кітабын ұсынамыз.
Бұл еңбекте қазақтың сөз өнері, ата заңдары, салт-дәстүрі, шежірелік жадқа қатысты ойлары, Алаштық идеяның бастаулары, «құт», «арыс», «әз» сияқты код сөздердің шығу төркіні жан-жақты баяндалады.
Кітап ұлт руханиятына, сөз өнеріне, мемлекеттік санаға қызығатын барша оқырмандарға арналады.