Жаңалықтар

ДАЛА ДАНЫШПАНЫ - МАЙҚЫ БИ

???? ДАЛА ДАНЫШПАНЫ - МАЙҚЫ БИ

⚜️ Кітапханамызда «10 құндылық 8 сипат» концепциясының авторы, филология ғылымдарының кандидаты Асылбек Әуезханұлының «Дала данышпаны Майқы би (қазақылық бастаулары)» кітабының тұсаукесері өтті.

???? Шараны кітапхана директоры, ф.ғ.к. Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова ашып берді.

???? Өз болмысын, ұлттың рухани кодын іздеген әр адам үшін таптырмас кездесуге әдебиеттанушы, тарихшы ғалымдар, педагогтар, кітапханашылар, студент жастар, кітапсүйер қауым қатысты.

???? Іс-шара барысында – бүгінгі қоғамға ауадай қажетті:

– «Билік» ілімі,

– «Қызыл тіл» концепциясы,

– Тектілік феномені,

– Құт және биоэнергия» ұғымдары,

– Қазақы ойлау мен бейнелі сөйлеудің түп-тамыры,

– Көнеден келе жатқан рухани-адамдық қағидалары жан-жақты ашылып, тың деректер,

Сонымен бірге оқырманға:

- Сахналық қойылым,

- Рухани ән-жыр, автордың қолтаңбасы бар кітабы тарту етілді.