Жаңалықтар

Ғалымжан Елшібайдың “ Қаламға қонған құт” кітабының тұсаукесері өтті

????Бүгін “Медиакратия” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, А.Байтұрсынов атындағы “Сөз зергері” сыйлығының және “Ақпарат саласының үздігі” төсбелгісінің иегері, Түркістан облысы мәслихатының депутаты, белгілі қаламгер Ғалымжан Елшібайдың “ Қаламға қонған құт” кітабының тұсаукесері өтті. Ғалымжан Елшібайдың мерейлі 50 жасқа толуына орай өткізілген іс-шараға Әл - Фараби атындағы қалалық ғылыми -әмбебап кітапханасы көрме- экспозиция ұйымдастырды. Көрме-экспозицияда Ғалымжан Елшібайдың кітаптары, марапаттары, БАҚ беттерінде жарық көрген мақалалары, мол фотосуреттер және ерекше инсталяциялар қойылды.