Жаңалықтар

«Білімді жастар – келешек кепілі» атты кездесу кеші өтті

⚜️Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен 10 қараша – Дүниежүзілік жастар күніне орай «Білімді жастар – келешек кепілі» атты кездесу кеші өтті.

????Кешті кітапханамыздың директоры, ф.ғ.к. Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова ашып берді.

????Кешке Ы. Алтынсарин атындағы № 65 мектеп-гимназиясының директоры Қайыпов Алмас Серікұлы, “Jsk.kz” ақпараттық агенттігінің директоры-бас редакторы, БҰҰ Халықаралық журналисі Сағындық Жанысбаев Қалдыбекұлы, “Қоғамдық келісім” КММ-нің басшы орынбасары Спатаев Марат Бахытжанұлы, Шымкент қаласы волонтерлар корпусының президенті, Халықаралық ерікті, қоғам белсендісі, TULGA GROUP PR компаниясының директоры, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың “Халық алғысы” медалінің иегері, жеке кәсіпкер Ашимова Жасмин Аскаровна, ипотека бойынша жас брокер Қабылбек Ақарыс Берікұлы, жас жеке кәсіпкер Сарыбасов Нурдаулет Анарбекұлы қатысып, еліміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында екендігін айта келіп, еңбекқорлық, табандылық, сенім арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болатыны жайлы әңгімеледі.