Жаңалықтар

«Музыка майталманы» атты әдеби сазды кеш өтті

Кітапхананың ұйымдастыруымен «Нұрсәт өнер мектебінде» композитор ,Қазақ КСР халық әртісі Евгений Брусиловскийдің туғанына 120 жыл толуына орай «Музыка майталманы» атты әдеби сазды кеш өтті.

Кеш барысында: Композитордың өмірі мен шығармашылығы , кітаптары жайлы мағлұматтар берілді .

Іс-шара барысында өнер мектебінің жетекшісі Өркен Нұржанұлы және шәкірттері Д.Ермахан,Н.Өскенбай,А.Бекова, М.Пазылбекова Ж. Тұрсынбай, Е. Бексұлтан,композитордың туындыларын нақышына келтіре орындады. Кеш өте әсерлі өтті.