Кітапханаға қымбат сый!
Кітапханаға қымбат сый!
Кітап – ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына деп бекер айтпаған.
Кітап оқу-адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды роль атқаратынын, кітап оқу мен кітаптарды қолдау-қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі.
Өмірдегі ең жақсы сыйлық та кітап. Біздің кітапханамыз тағы бір құнды кітаптармен толықтырылды. Ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әкім Ысқақ әке қадіріне, әке мен бала арасындағы рухани байланысқа терең мән берілген "Әкеммен сырласу" және адамгершілік пен адалдық, туған жерге деген сағыныш туралы "Жақыныңды жоғалтпа" атты кітаптарын сыйға тарту етті. Бұл құнды кітаптар алдағы уақытта кітапхана қорына енгізіліп, оқырман қауымға ұсынылатын болады.