Жаңалықтар

«Аңызға айналған батыр» атты ерлік сағаты өтті

⚜️Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың әскери қолбасшысы, жазушы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Аңызға айналған батыр» атты ерлік сағаты өтті.

????Іс-шара барысында ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының аға оқытушысы, полиция полковнигі, Бауыржантанушы Маймақов Айболат Бауыржан Момышұлы және отбасы жайлы керемет естеліктермен, жастарға үлгі боларлық тағылымды ойлармен бөлісті.

????Сондай-ақ, № 147 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәні мұғәлімі Ерғалиев Берік Жарылқасынұлы, № 142 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дадашева Гүлстан Рысбекқызы және № 51 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәні мұғәлімі Қаңлыбаева Ақтоты Өмірзаққызы батырдың өмір жолы, соғыс жылдарындағы қаһармандық істері, ел мен жерге деген сүйіспеншілігі жайлы кеңінен ақпараттар берді.

????Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері батырға арналған арнау өлеңдерден үзінділер оқыды. Сапар Талшын Б.Момышұлының нақыл сөздерінен үзінділер оқып, батырға өлең арнады.

????Іс-шара соңында Әл-Фараби қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директор орынбасары Алпысбаева Гүлмира Батырбайқызы кешті қорытындылап, кеш қонақтарына өз алғысын білдірді.