«Оқитын отбасы - ұлт болашағы»
Кітапханамызда "Ақерке" балалар залының ұйымдастыруымен «Оқитын отбасы - ұлт болашағы» жобасы аясында кітапхананың тұрақты, үздік, үлгілі оқырмандары Айтбаевтар отбасымен кездесу кеш өтті.
Кездесу барысында Гауһар Айтбаева өзінің кітап оқу арқылы үлкен жетістіктерге жеткенін баяндап, отбасында кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдырудың маңызды екендігін,балаларына кішкентайынан кітап оқытатынын айта келе, балаларға қандай кітаптар оқу керектігі жөнінде кеңестер берді. Ұлы Ерасыл өзінің оқыған кітаптары, кітап оқудың пайдасы жайлы өз ойларымен бөлісіп, Абай Құнанбаевтың өлеңін жатқа оқып берді.
Шара соңында кітапхана директорының орынбасары Асылзат Оспанқызы Айтбаевттар отбасынас алғысын білдіріп, кітапхана директорының алғыс хатымен марапаттады.