«Бір қала - бір кітап» акциясы аясында таңдалынған «Тұман» шығармасы бойынша әдеби талқылау өтті
Кітапханамызда жазушы, Қазақстанның Құрметті журналисі, драматург Захардин Қыстаубайұлының «Бір қала - бір кітап» акциясы аясында таңдалынған «Тұман» шығармасы бойынша әдеби талқылау өтті.
Кешке Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Құрметті журналисі Қаршалов Бекшүкір, Қазақстан Жазушылар одағының және Авторлар қоғамының мүшесі Бақтыгүл Аудан, белгілі журналист Базаркүл Қалбырова қатысып, шығарма туралы пікірлерімен бөлісті.
Шара барысында Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық угиверситетінің ф.ғ.к., доценті Раушан Қажиақбарова және филология факультетінің студенттері автордың шығармасын жан-жақты талқылап, авторға шығарма желісі бойынша туындаған сұрақтарын қойды.
Жазушы Захардин Қыстаубайұлы студенттерді толғандырған сауалдарға жауап беріп, жастардың шығармасын талдағанына шын көңілмен ризашылығын білдіріп, шығармадағы өмір, табиғат пен адамның байланысы, тағдыр, болмыс, жазмыш жайында терең ой қозғап, жастарға рухани азық сыйлады.