Кітапхана қоры тағы да кітаппен толықты!
Кітапхана қоры тағы да кітаппен толықты!
Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің профессоры, философия докторы (PhD), Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері Абдыханов Уәлихан Қыбырайұлы Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасына «Роллан Сейсенбаев және әлемдік әдеби үрдіс» атты екі тілдегі кітаптарын сыйға тарту етті.
Монографияда автор қазақтың әлемге әйгілі қостілді жазушы Роллан Сейсенбаевтың шығармашылығына әдебиеттану баға береді. Роллан Сейсенбаевтың көп қырлы прозасының материалдарын пайдалана отырып, ғалым зиялы әлеуметтік құбылыс ретіндегі философиялық және мәдениеттану мәселелерге кең қол жетімді түрде қазақ интеллигенциясының қалыптасу тарихы мен қазіргі кезеңін қарастырады.