Жаңалықтар

Политехникалық колледжінің білім алушыларымен кездесу ұйымдастырылды

????Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Ғылымның қайнар бұлағы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін тәрбиелік құрал. Әлішер Науаи «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Денри Дидроның «Адамдар кітап оқуын қойса, ойлауын да қояды» деген сөзі бар. Кітапты насихаттау, кітап оқу – әрбір кітапхана қызметінің негізгі бағыты. Кітап оқуды насихаттау мақсатында, Шымкент қаласының Политехникалық колледжінің білім алушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Мақсатымыз оқырмандарды тартып, кітапқа деген қызығушылығын оятып, оларға кітаптарды ұсынып, қызметкерлердің де назарын кітап оқуға аудару. Кездесу барысында білім алушыларға кітапхана қорындағы әдебиеттер таныстырылып, кітаптың құндылығы туралы ой бөлісіп, түрлі жанрдағы кітаптар насихатталды.