Жаңалықтар

«Шертпе күйдің шебері» атты әдеби-сазды кеш өтті

⚜️Кітапханамыздың ұйымдастыруымен, Индустриялды техникалық колледжде күйші, композитор, домбырашы Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына - 210 жыл толуына орай «Шертпе күйдің шебері» атты әдеби-сазды кеш өтті.

????Кеш барысында Тәттімбет Қазанғапұлының өмірі мен шығармашылығы туралы слайд көрсетіліп, «Күйшілер одағы» республикалық бірлестігінің мүшесі, сазгерлер арасындағы республикалық, облыстық байқаулардың бірнеше дүркін лауреаты Қасымбек Әбдіхалықұлы Сарымбетов қонағымыз күйші туралы көптеген мәліметтерімен бөлісті.

????Іс-шара барысында «Шымкент концерт» концерттік ұйымының күйшілері күйшінің туындыларын нақышына келтіре орындады. ????Кешті дәстүрлі әнші, термеші Тәттімбет Керейұлы жүргізді. Кеш әсерлі өтті.

https://www.facebook.com/share/r/1DgAeHgKV9/