24 қазан – Кітапханашылар күніне арналған салтанатты жиын!
24 қазан – Кітапханашылар күніне арналған салтанатты жиын!
Бүгін Шымкент қаласы кітапханаларының 24 қазан - Кітапханашылар күніне арналған салтанатты жиыны өтті.
Іс-шара Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Убайдуллақызы Оңдасынованың сөзімен ашылды.
Салтанатты жиын аясында бірқатар кітапханашылар марапатталды:
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен сирек кітаптар бөлімінің басшысы С.Байдуллаева марапатталды.
Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хатымен кітапхана ұжымы марапатталса,
Мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хатымен кітапханашылар А.Есполова, Ғ.Әшірбаева, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Алғыс хатымен Б.Орынбаева, Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қаласы бойынша филиалының Алғыс хатымен Г.Қайықбаева марапатталды.
Мерекелік кеште кітапханашылар әдеби композиция, әдеби викторина және кітапхана туралы ән орындап, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Ал жас кітапханашылардың флешмобы шараның сәнін келтірді.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері мен ардагер кітапханашылар қатысты.
Мерекенің соңы «Атамекен» әнімен аяқталды.
https://www.facebook.com/share/r/1ALzQapGnh/