25 қазан - Республика күні
25 қазан - Республика күні
Бүгін ұлттық мерекеміз - Республика күні қарсаңында Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында зиялы қауым өкілдері мен ақын-жазушылардың қатысуымен «Менің Республикам – менің мақтанышым» тақырыбында ел тәуелсіздігінің мәні мен мерекенің маңызы туралы мазмұнды кездесу кеші өтті.
Бұл басқосуға ақын, журналист Пернеш Есенбеков, ақын Қанат Сапарбаев және фантаст-жазушы Сарманбай Исақ, Қазақстан педагогикалық академиясының профессоры, ардагер ұстаз Мамыркул Тілеуқабылова, «Білім-инновация» №1 лицей-интернаты», «Shimkent» Жоғары педагогикалық колледжі қатысты.
Тағылымды шара мерекелік кешке ұласып, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының студенттері мен кітапхана кызметкерлері әдеби композиция орындады.
Сондай-ақ, «Қызғалдақ» сарайының әншісі Тәттібек Бегалиев «Туған ел», «Ел тілегі» әндерін шырқады. Қаламгерлермен қатар, біздің серіктесіміз ҚР ҰҚК ШҚ Түркістан облысы бойынша департаменті Тәрбие және идеологиялық бөлімінің кеңесшісі Хамзина Жанар Жанатқызы мерекемен құттықтап, Анар Абусайылқызына ҚР ҰҚК ШҚ Түркістан облысы бойынша департаментіне 25 жыл төс белгісін табыстады.
Бұл кездесу оқырмандарға ерекше серпін берді. Мерекенің мәні мен маңызын терең түсініп, ел тарихы мен тәуелсіздіктің қадірін тағы бір мәрте сезінді.
#РеспубликаКүні #ҰлттықМереке #ТәуелсізҚазақстан #РуханиКездесу