Әл-Фараби кітапханасының қызметкерлері «WEB-RABIS бағдарламасы» бойынша ұйымдастырылған іс-тәжірибеден өтті
Әл-Фараби кітапханасының қызметкерлері Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы каталогизатор мектебінде «WEB-RABIS бағдарламасы» бойынша ұйымдастырылған іс-тәжірибеден өтті.
Тәжірибелік сабақтар мен дәрістер отандық WEB-RABIS кітапханалық-ақпараттық жүйесінің 5 модулі бойынша кеңінен мағлұмат алды.
Іс-тәжірибе алу барысында ҚР Ұлттық ғылым академиясына, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасымен, «Alatau Creative Hub» орталықтандырылған кітапханасына экскурсияға барып, тыныс - тіршілігімен танысты.
Сабақ соңында ҚР Ұлттық кітапхана басшысы Ғазиза Құдайбергенқызы кітапхана қызметкерлеріне серификат табыстады.