«Үздік жас кітапханашы – 2025»
Алматы қаласында ҚР Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен кітапханашы мамандығының беделін арттыру және саланың дамуын ынталандыру мақсатында, Қазақстанның көрнекті кітапхана қайраткері Роза Аманғалиқызы Бердіғалиеваның туғанына 80 жыл толуына орай «Үздік жас кітапханашы – 2025» республикалық байқауы өтті.
Байқауда бақ сынаған әріптесіміз ақпараттық-библиографиялық бөлімінің кітапханашысы Джайлыбаева Махаббат Серікқызы қатысып, арнайы сертификатқа ие болды.
Махаббат Серікқызының еліміздің бас кітапханасында тәжірибе жинақтап, біліктілігін арттырып қайтқаны - ұжымымыз үшін зор мақтаныш!