Жаңалықтар

Жаңа кітаптарымен таныс болыңыздар!

Кітап оқу арқылы оқырмандардың пайымды парасаты, сергек санасы, кемел қөзқарасы қалыптасады. Оқырмандарды кітапханаға тарту, жастардың кітап оқуға ынтасын арттыру мақсатында Әл—Фараби атындағы қалалық ғылыми— әмбебап кітапханасының шет тілі әдебиеттер секторының қызметкерлері Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университетінің студенттеріне кітапханаға жаңа түскен түрлі жанрдағы кітаптарды таныстырды. Сонымен қатар студенттерге кітапхана, кітап қоры туралы ақпараттар берді. Студенттер өздерінің оқыған кітаптары туралы ойларымен бөлісіп, жаңа кітаптарға қызығушылық танытты.