Қазіргі жаһандану дәуірінде кітаптың құндылығы мен маңыздылығы ешқашан жоғалмайды. Еліміздің ертеңі болар жастарымыздың көкжиегін кеңейту мен сыни ойлау қабілетін арттыру жолында, кітап – тек білім көзі ғана емес, рухани азық, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында М. Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында студенттерге кітапхана қорындағы әдебиеттер таныстырылып, насихатталды.