Жаңалықтар

«Шәді Жәңгірұлы шығармашылығындағы дәстүр жалғастығы» тақырыбында әдеби кеш өтті

⚜️Кітапханамызда ақын Шәді Жәңгірұлының 170 жылдық мерейтойына арналған «Шәді Жәңгірұлы шығармашылығындағы дәстүр жалғастығы» тақырыбында әдеби кеш өтті.

????Әдеби кешке әдебиттанушы ғалымдар, дінтанушы мамандар, студент жастар, педагогтар және кітапханашылар қатысты.

????Іс-шара барысында Шығыс классикалық әдебиетінің назиралық үлгісін жете меңгерген, гуманистік, ағартушылық бағыттағы дәстүрлі тақырыптарды жырлаған Орта Азияға есімі мәшһүр ғұлама шайыр, 40-тан астам хикаялы дастан, жырлар жазған Сұлтан Шәді Жәңгірұлының ғибратты мол мұрасы жайлы әңгіме қозғалды.

????Студент жастар ақынның «Замана толғауы», «Назым Ахмет Жами», «Назым сияр Шәриф» атты дастандарынан үзінді оқыды.