«Дауылды жырдың дүлділі» атты әдеби – сазды кеш өтті
Кітапханада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, композитор Иса Байзақовтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Дауылды жырдың дүлділі» атты әдеби – сазды кеш өтті.
Кеш барысында Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасын тұрақты оқырмандар мәнірлеп оқып берсе, №75 мектеп-гимназиясының «қазақ тілі және әдебиет» пәнінің мұғалімдері Аманкулова Венера Сабитовнаны және Кекилбекова Қымбат Омаровна ақынның әдебиеттегі өзіндік орны, қаламгерлік қыр-сыры жайында әдемі әңгіме өрбітті.
«Шымкент концерт» концерттік ұйымы» әншісі Руслан Ахинбеков ақын Иса Байзақовтың «Желдірме» (ІІ-түрі) әннің керемет орындап берді. Кешке арнайы жасалған кітап көрмесіне шолу жасалынды. Сонымен қатар кітапханаға экскурсия жүргізілді.