Жаңалықтар

«Ұстаз - ұлы тұлға » атты мамандар күні өткізілді

????Ақпараттық –библиографиялық бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан жоғары, көпсалалы аграрлық колледжімен бірлесіп Ұстаздар күніне орай «Ұстаз - ұлы тұлға » атты мамандар күні өткізілді.

????Кеш Түркістан жоғары, көпсалалы аграрлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сандуғаш Жақыптың алғы сөзімен басталды .

????Кешке колледж директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Айтқұл Рақымжан, Әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедра меңгерушісі А.Усипбекова, Тарих пәнінің оқытушысы Г.Қани Қазақ тілі әдебиеті пәнінің оқытушысы Б. Жолдасова қатысып ұстаздар күніне көптеген деректер айтты.

????Сондай-ақ колледж студенттеріне викториналық сұрақтар қойылып,студенттер әдеби компазиция орындады. Кеш барысында оқырмандар назарына «Ұстаз-ұлы тұлға » тақырыбында бейнеролик ұсынылды.

Кеш соңында Ұстаздарға және студент жастарға кітапхана атынан сый табысталды.