Жаңалықтар

Сөз өнері: ұлттық әдебиеттің даму болашағы

⚜️Сөз өнері: ұлттық әдебиеттің даму болашағы⚜️

????2025 жылдың 3 қазан күні Алматы қаласы кітапханаларында “Сөз өнері: ұлттық әдебиеттің даму болашағы” тақырыбында халықаралық форум өтті. Оған кітапханамыздан кітапхананы дамыту бөлімінің басшысы Ләззат Қалтаева қатысты.

????Жазушылар Одағы мен Алматы қаласы кітапханалары ұйымдастырған маңызды форумға Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің жазушылары және еліміздің қаламгерлері, сыншылары мен әдебиеттанушы ғалымдары, кітапханашылар қатысты.

????Халықаралық форумда әдебиеттің қазіргі жағдайы мен болашағы туралы өзекті мәселелер ортаға салынды.

????Форумға қатысқан кітапханашылардың кездесуі түстен кейін кітапхана саласына арналған жиынмен жалғасты. Кітапхана ісін автоматтандыру бағытында тәжірибе алмасу мақсатында ресейлік маман Грибов Владимир Zoom платформасы арқылы баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті.

Форумның келесі бөлімінде Алматы қаласы кітапханаларының кітапханашылары Оңтүстік Корея еліне жасаған сапарынан алған әсерлерімен бөлісіп, корей кітапханаларының ерекшеліктері мен заманауи тәжірибелері туралы айтты.

????️Күн соңында форумға қатысушы кітапханашылар кітапхананы аралап, оның бөлімдері мен қызметімен танысып, тарасты.