Жаңалықтар

ТҰЛПАР ТЕКТІ ТӨРЕГЕЛДІ

ТҰЛПАР ТЕКТІ ТӨРЕГЕЛДІ

⚜️Кітапханамызда Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, көрнекті журналист, баспагер Төрекелді Байтасовтың 70 жылдығына орай «Тұлпар текті Төрекелді» атты еске алу кеші өтті.

????Іс-шара кітапхана директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жаппарқұлова Анар Абусайылқызының алғы сөзімен басталды.

????Кеш қонақтары жазушылар, журналистер Захардин Қыстаубаев, Серік Жанәбіл, Атанбек Наурыз, Есенгүл Көшербаева, сондай-ақ, Төрекелді Байтасовтың анасы Күләйша, жары Үрліхан, ұлдары Төребек, Темірхан және бауырлары қатысқан іс-шарада журналистің өмір жолы мен еселі еңбегін айтып, тұлғаның қазақ әдебиеті төріндегі орнын, ХХ ғасырдың соңғы жылдарындағы қиын-қыстау уақытқа қарамай, қазақ журналистикасындағы «Жібек жолы» баспасының биігін көрсеткен ерлігі айтылды.

????«Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатының» оқушылары Төрекелді Байтасовтың шығармаларынан әдеби композиция оқып, бауыры Бауыржан Серікбаев домбырамен ән орындады.

????Кеш модераторы - Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Қазақстанның Құрметті журналисі», Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сабырбек Олжабай.