Жаңалықтар

«Адал еңбек – адам көркі»

«Адал еңбек – адам көркі»

????Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастырумен 25 қыркүйек күні Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбі күні «Еңбек күні» болып жариялануына орай «Адал еңбек – адам көркі» атты кездесу кеші өткізілді.

????Кездесу кешіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманбекқызы Жансая, гинеколог-репродуктолог дәрігер Айнур Сакенқызы Нурпеисова, «Ерлік» музейінің ғылыми қызметкері Айгул Садыққызы Бердикулова, дәстүрлі әнші, термеші Тәттімбет Керей, архитектор-инженер Жұманазар Әлишерұлы Ташимбетов қатысты.

????️Іс-шара барысында қонақтар өздерінің еңбек жолдары мен жетістіктерін баяндап, оқыған кітаптарын кеңінен насихаттады. Жансая Аманбекқызы «Сәруар сарын» атты кітабын кітапханаға сыйға тартты.

????Оқырмандар келген қонақтарға көкейіндегі сұрақтарды қойып, мардымды жауаптарды алды. Дәстүрлі әнші, термеші Тәттімбет Керей Ақан Әбдуәлінің «Бақ пенен қызыр қонса да» атты әсем әнімен кешті аяқтады.