«Табиғат ғылымдары және тәңірлік ғылымдар туралы» еңбегіне оқырмандар конференциясы өтті
Кітапханамызда қазақ даласында дүниеге келіп, түркілік дүниетанымның мүмкіндігін әлемге паш етіп, жаһандық өркениетте өшпес із қалдырған ортағасырлық ойшыл, ғұлама - Әбу Насыр Әл-Фарабидің жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан үлесіне арналған «Табиғат ғылымдары және тәңірлік ғылымдар туралы» еңбегіне оқырмандар конференциясы өтті.
Конференцияға философтар, тарихшы ғалымдар, студент жастар, оқушылар мен кітапханашылар қауымы қатысты.