«Шебер қолдар» үйірмесінің кезекті сабағы өткізілді
«Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен «Шебер қолдар» үйірмесі аясында ерекше шеберлік сағаты өткізілді. Бұл үйірмеде балалар өз қолдарымен сағат жасауды үйренді.
Балалар дайын материалдарды пайдалана отырып, сағаттың негізін құрастыру, әшекейлеу және уақыт өлшемінің маңызын түсіну дағдыларын меңгерді. Әрбір қатысушы өз қолынан шыққан бұйымға ерекше қуанышпен қарап, шығармашылық қабілетін көрсете білді.