«Таза Қазақстан - 2025» жобасын насихаттау мақсатында кітапханада кітап көрмесі жасақталды. Бұл көрмеде еліміздің табиғат байлықтары мен экологиялық жағдайы туралы мәліметтер, табиғатты қорғау, қоршаған ортаға зиян келтірмей өмір сүру жайлы кітаптар ұсынылған. Көрмедегі кітаптар арқылы оқырмандарға экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру мақсат етілген.