«Таңдаулы 100 кітап»
«Таңдаулы 100 кітап»
«КІТАП time - 2025» IV жалпы республикалық кітап фестивалі аясында өткен тағы бір шара бұл - жалпыұлттық сауалнама нәтижесінде таңдалып алынған 100 кітапты кітапханашылар талқылады.
А.Маматкулова Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы жайлы сол кездегі қоғам жайлы, кейіпкердің бастан кешкен оқиғалары туралы айтса, Г.Қайықбаева Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасынан үзінділер келтіріп, өз ойын әсерлі жеткізді. М.Джайлыбаева Д.Исабековтың «Қарғын» романы, А.Нұрбек Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», Л.Қалтаева Т.Әлімқұловтың «Қараой», А.Қынатова А. Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздері, Ү.Алтынбекова Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», С.Байдуллаева И.Есенберлиннің «Көшпенділер» романының жазылу тарихын айтып, өздері сүйіп оқыған кітаптарымен бөлісті.
Сонымен қатар кітап оқуды насихаттау, әдеби мұраны бағалау және оқырман мен әдебиет арасындағы байланысты күшейтуге бағытталған маңызды мәдени жобаны қолдап, әрбір қызметкер кітап мазмұнына терең үңіліп, өз әсерлерімен бөлісті. Бұл – тек кітап талқылау ғана емес, сонымен қатар ой бөлісу, әріптестер арасында өзара әдеби байланыс, жаңа көзқарастармен танысу, өзгеше отырыс болды.
https://www.facebook.com/share/v/1ChPtBdWXu/