Жаңалықтар

«Ұлт руханиятының абызы» тақырыбында тағылымды еске алу кеші өтті

????Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында “KitapTime – 2025» республикалық кітап фестивалі аясында көрнекті ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының туғанына 95 жыл толуына орай «Ұлт руханиятының абызы» тақырыбында тағылымды еске алу кеші өтті.

????Кешке келген қонақтар зиялы қауым өкілдері, М.Әуезов атындағы ОҚУ ғалым-оқытушылары, абайтанушы, мұхтартанушы және М.Мырзахметұлының ғылыми мектебінің шәкірттері Мекемтас ағаның бай шығармашылығымен, ғылыми-зерттеулері мен ұлттық руханиятқа қосқан өлшеусіз үлестері туралы естеліктерімен бөлісті. Ғылымдағы ерен еңбектерімен , өзінің тұлғалық қасиеттерімен Мекемтас Мырзахметов халық жүрегінен ерекше орын алды.

????Кітапхана директоры Анар Жаппаркулова тұлғаның рухани ордада өткен талай іс-шараға белсенді қатысып, өз қолтаңбасымен кітаптар қалдырғанын ерекше атап өтті.

Кеш барысында оқырман назарына “Ұлт руханиятының абызы” тақырыбындағы бейнеролик пен кітап көрмесі ұсынылды.

https://www.facebook.com/share/v/1JDvDjA9hf/