Жаңалықтар

«Оқы. Ойлан. Өзгер»

«Оқы. Ойлан. Өзгер»

????Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «КІТАП time - 2025» IV жалпы республикалық кітап фестивалі аясында «Оқы. Ойлан. Өзгер» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік шараны жазушы, журналист, драматург Захардин Қыстаубаев, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, профессор, академик, фантаст - жазушы Сарманбай Исақ ашты.

????Сонымен қатар қаладағы №140 ЖОББМ және 80 lT мектеп-лицейінің оқушыларының әдеби композициясы орындалып, халық әні «Қара домбыраны» М.Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжінің студенттері Сауран Туреханов, Тұрған Бекарыс шырқады.

????Сондай-ақ, «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасының Шымкент қаласындағы үйлестірушісі Ахан Сәбитұлы Бесбаев сөз алды. Зияткерлік-ағартушылық жобаның мақсаты, талаптары туралы терең түсіндіріп берді.

????Салатанатты кештің қорытынды сөзінде кітапхана директоры Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова келген қонақтарды кітап меркесімен құттықтап, кітап фестивалі аясында өтіп жатқан шаралар күні бойына жалғасатыны жайлы айтты.