Жаңалықтар

« Алаш мұрасы —ұрпаққа аманат» атты әдеби кеш өткізілді

✨Кітапханамызда Абонемент секторының ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының қайраткері,ақын,жазушы Міржақып Дулатовтың туғанына - 140 жыл толуына орай « Алаш мұрасы —ұрпаққа аманат» атты әдеби кеш өткізілді.

????Кеш кітапхана директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жаппаркулова Анар Абусайылқызының алғы сөзімен басталды. Кешке М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің ф.ғ.к, доценті А.Қалшабек, М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Х.Таджиев, Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің аға ғылыми қызметкері Б.Нуркулова және №142 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

????Г. Рысбекқызы қатысып, ұлтын оятып, жиырма жасында ұрандаған ұлы қайраткер туралы көптеген деректер айтты.

????Сондай-ақ, Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дің студенттері ақының өлеңдерінен әдеби композиция орындады.

????Кеш соңында шараға белсене қатысқан оқырмандарға кітапхана директорының алғыс хаттары табысталды.

https://www.facebook.com/share/v/1CNRwMgJZf/