Қазақстан кітапханалары одағының көшпелі отырысының екінші күні
Қазақстан кітапханалары одағының көшпелі отырысының екінші күні
Қазақстан кітапханалары: кітап оқу мәдениеті, жасанды интеллект және цифрландыру тақырыбында өтіп жатқан Қазақстан кітапханалары одағының кезекті көшпелі отырысының екінші күні түрлі мазмұнды секциялармен жалғасты.
Кітапхана басшылары үшін «Басшылардың диалог алаңы: тәжірибе алмасу» атты секция ұйымдастырылып, онда басқару тәжірибесі, заманауи талаптарға бейімделу және жаңа мүмкіндіктер талқыланды. Сонымен қатар, келесі бағыттар бойынша секция жұмыстары өтті:
• «Әлеуметтік маркетинг» – кітапхананың қоғамдағы имиджін көтеру, PR және аудиториямен байланыс тетіктері қаралды.
• «Жеке даму және шығармашылық дағдылар» – кітапханашылардың өзін-өзі дамытуы мен шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған ұсыныстар талқыланды.
• «Кітапхана қорын толықтырудың бағыттары» – басылымдармен және электронды ресурстармен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
• «Балалар және жасөспірімдер кітапханаларының жұмыс форматы – discussion platform» – жас оқырмандарды тартудың тиімді әдістері мен жаңа форматтағы жобалар ұсынылды.
Іс-шара аясында қатысушылардың білімін, серіктестік қарым-қатынасын нығайтуға арналған интеллектуалды QUIZ ойыны ұйымдастырылды.
Бұл секциялық отырыстар кітапханашыларға кәсіби тәжірибе алмасуға, заманауи үрдістермен танысуға және кітапхана саласын дамытуға арналған жаңа бастамаларды талқылауға мүмкіндік берді.