«Шымкент – оқитын озат қала»
Анар Абусайылқызы: «Шымкент – оқитын озат қала»
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Абусайылқызы Шымкент қаласында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және дамыту бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Ол қала кітапханаларында қолға алынған жобалар мен бастамалар арқылы жастар мен қала тұрғындарын кітап оқуға баулу ісі нәтижелі жүзеге асып жатқанын атап өтті.
Баяндама барысында Шымкенттің мәдени келбетін айқындайтын кітапханалық іс-шаралар, оқырман қауыммен тығыз байланыс орнату жолдары жайлы мысалдар келтірілді. Қала кітапханаларының жетістіктері мен бірқатар жоспарлары айтылды. Бұл тәжірибе өзге өңірлерге үлгі боларлық бастама ретінде ұсынылды.
https://www.instagram.com/p/DOs1HogDC-m/?utm_source=ig_web_copy_link