"Қазақстан кітапханалары: кітап оқу мәдениеті, жасанды интеллект және цифрландыру"
"Қазақстан кітапханалары: кітап оқу мәдениеті, жасанды интеллект және цифрландыру" тақырыбында ұйымдастырылған Қазақстан кітапханалар одағының көшпелі отырысы аясында Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында секция жұмысы өтті. Секцияның спикері және негізгі баяндамашы ҚР Ұлттық академиялық кітапхана басшысының орынбасары Нұржан Нұрланұлы Жолдыбалинов "Кітапханалардың болашағы - жасанды интеллект жәнн автоматтандырылған шешімдер" тақырыбында іскерлік сабақ өтті. Секция жұмысына республикамыздың өңірлерінен келген кітапханы әріптестер қатысты.