Жаңалықтар

ТҮНГІ КІТАПХАНА

???? ТҮНГІ КІТАПХАНА ????

⚜️Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «ЖЕЛСІЗ ТҮНДЕ ЖАРЫҚ АЙ» атты поэтикалық кеш өтті!

????Қала әкімдігінің қолдауымен, Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен өткен шара тамаша табиғат аясында ашық аспан астын ән мен жырға бөледі.

????Басқарма басшысының орынбасары Мөлдір Убайдуллақызының алғысөзімен басталған поэтикалық кешті ақын, халықаралық «Физули» атындағы сыйлықтың иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Құрал Көмек мырза жүргізіп отырды.

????Ж. Шанин атындағы академиялық драма театрының әртістері «Абай ауылы» атты музыкалық театрландырылған көрініс қойса, «Қызғалдақ» сарайының жезтаңдай әншілері һәкімнің әсем әндерін нақышына келтіре орындады.

????️Кеш барысында өңірімізге белгілі қаламгерлер Заһардин Қыстаубайұлы, Қабылбек Төретай, Шойбек Орынбай мырзалар ұлы ақынның мұралары ескірмейтінін, қазақпен бірге жасай беретінін айтып, жастарды Абай атамыздың шығармашылығын тереңірек оқуға, кеңірек насихаттауға шақырды. Белгілі «Әуезовтанушы», А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың профессоры Сұлушаш Бекмырза ханым Абай Құнанбайұлының қара сөздері адамзатқа әсері ерекше екенін тілге тиек етті.

????М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Мұхтартану» ғылыми орталығының басшысы, ғалым Ақжол Батырұлы Қалшабек Абайдың әдеби хатшысы Мүрсейіт Бікіұлының қолжазбаларын тікелей транскрипциялап, жылдар бойы жазып шыққан «АБАЙ» кітабын көпшілікке таныстырды.

????Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Абай әлемі» байқауының жүлдегерлері Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқыды.

????Кеш соңында кітапхана басшысы Анар Абусайылқызы Абай атамызға арналған шараны тапжылмай көріп, бойына рухани шабыт сыйлаған көрермендерге өз алғысын жеткізді.