«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы» КММ-нің қызметкерлері қалалық сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының мақсаты халық арасында қоғамдық мәдениетті арттыру, қоғамдық орындарда азаматтарды мүлікке ұқыпты қарауға шақыру, тазалықты сақтау.
Акция аясында 2025 жылы 6 қыркүйекте Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы» КММ-нің қызметкерлері қалалық сенбілікте «Абай» ауданы аумағында: Нұршуақ шағын ауданы, Тураркент және Егінбұлақ көшесіндегі белгіленген аумақты тазарту жұмыстарын белсенді түрде жүргізді.
https://www.facebook.com/share/v/1HKwku5ts8/
#ТазаҚазақстан
#ТазаШымкент