Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТІЛІ - ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ

⚜️ҚАЗАҚ ТІЛІ - ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ⚜️

????5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Концерттік-көрме орталығында «ҚАЗАҚ ТІЛІ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ» тақырыбында форум басталды.

????Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы ҚҰРАНБЕКТІҢ алғысөзімен ашылған форум, тіл жанашырларының баяндамасымен жалғасып жатыр.

????Форумның басты мақсаты - мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін айқындап, әр азаматтың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл мәдениетін көтеру және тіл саясатын жүзеге асырудағы озық ойларды ортаға салу.

????Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің өзіндік себебі бар. Бұл күн - «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» - деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

????Тіл саясатының басты міндеттерінің бірі - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мемлекеттік басқару тілі ретіндегі рөлін нығайту болып табылады.

✒️Модератор: белгілі журналист, ҚАЗАҚ ТІЛІ қорының Шымкент қаласындағы филиал төрағасы Ерсұлтан ӘМІРБЕК.