«Жазғы демалыста кітап оқимыз!» жобасы аясында Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында табиғат аясында балалармен қызықты кітаптарды талқылап, логикалық ойындар ойнатылды. Бүгінгі саябақта ұйымдастырылған ашық аспан астындағы кітап талқылау балалардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, демалысты пайдалы әрі тиімді өткізуге мүмкіндік берді.