Бүгін Астана қаласында Кітапханалар мен кітапханалық ұйымдардың халықаралық федерациясы (IFLA) 89-шы генералды конференциясы мен Ассамблеясы өз жұмысын бастады.
Бүгін Астана қаласында Кітапханалар мен кітапханалық ұйымдардың халықаралық федерациясы (IFLA) 89-шы генералды конференциясы мен Ассамблеясы өз жұмысын бастады.
Тамыздың 18-22 аралығында өтетін конференцияға 100-ден астам елден қатысушы келген. Шымкент қаласынан Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының басшысы Жаппаркулова Анар Абусайылқызы, директор орынбасары Алпысбаева Гүлмира Батырбайқызы, Жасөспірімдер кітапханасының басшысы Бабажанова Раушан Бабажанқызы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті кітапханасының басшысы Сәуірбаева Индира Қабыланқызы қатысып жатыр.
IFLA кітапхана ісінің озық және инновациялық идеяларын біріктіріп, кітапханашылардың кәсіби қарым-қатынасын арттыратын халықаралық дәрежедегі жиын.
Салтанатты жиынды ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ешенқұлов Талғат Ильясұлы ашып берді. Әрі қарай IFLA Президенті Вики Макдональд, ҚР ЖОО кітапханалар қауымдастығының президенті Иржанова Гүлжан Жеңісқызы сөз алды. Конгрессте кітапханалық озық технологиялар, сандық инклюзия, жаңалық медиа, жасанды интеллект және т.б. заманауи маңызды тақырыптар талқыланады.