«Білімді біріктіріп, болашақты қалыптастырамыз»

IFLA - кітапханашылардың ең ірі кәсіби қоғамдық ұйымы және кітапханашылар мен кітапхана ұйымдарының халықаралық федерациясының халықаралық конференциясы – кітапханашы мамандарының ең ірі әлемдік жиыны. Астана қаласында «Білімді біріктіріп, болашақты қалыптастырамыз» деген ұранмен 18-22 тамыз күндері өткен 89-шы генералды конгресі бүгін өз мәресіне жетті. Генералды конгрестің жабылу рәсімінде сөз алған Кітапханалар мен кітапханалық ұйымдардың халықаралық федерациясы (IFLA) президенті Лесли Вейр ханым конгрестің өтуіне жоғары баға берді. Биылғы конгреске 114 елден 1700 жуық делегат қатысты. Оның 1400-дейі шетелдік қонақ. Сонау АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландия, Жапониядан, болса болмаса Еуропа, Таяу Шығыс және Азиядан келіп жатқан кітапханашылар.
Бұл алқалы жиын еліміздегі білім, ғылым және мәдениет саласына серпін беріп, Қазақстанды халықаралық мәдени ықпалдастықтың жаңа деңгейіне көтерді деуге болады. IFLA Дүниежүзілік конгресі – кітапхана саласының мамандары үшін жаңа идеяларды меңгеруге, заманауи технологияларды енгізуге және ақпараттық қызмет сапасын жетілдіруге жол ашатын беделді кәсіби алаң болып табылды.
Келесі IFLA-ның 90-шы Дүниежүзілік конгресі 2026 жылдың 10-13 тамыз күндері Оңтүстік Корея елінің Пусан қаласында өтетін болды.
https://www.facebook.com/share/v/1LhfzfEqqo/